13 сәу, 2023 сағат 18:12

Каспий құбыр консорциумы жұмысын тағы тоқтатты - министрлік түсініктеме берді

Фото: Каспий құбыр консорциумы

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумында мұнай жөнелту мен қабылдаудың тоқтап қалуына байланысты түсініктеме берді.

"ҚР Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы жоспарлы жөндеу жұмыстарына 72 сағатқа тоқтатылғанын хабарлайды. Тоқтату алдын-ала жарияланған кесте бойынша жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Бүгін Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы 10 сәуірден бастап жоспарлы жұмыстарға байланысты мұнай жөнелту мен резервуарлық паркке мұнай қабылдауды тоқтатқаны белгілі болды.