Фото: polisia.kz
Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінде бірнеше адам кепілге алынған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
"Достық көшесіндегі Kaspi Bank ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге есікті ішінен құлыптап алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша ер адам қарулы. Полиция қызметкерлері оқиға орнында ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарын сабыр сақтауға шақырды.
видео: "Астана - Что? Где? Когда?" Telegram-арнасы