19 мау, 2018 сағат 12:57

Қаскөйлер үйге баса-көктеп кіріп, барлығын шетінен кескілей бастаған

Арменияда белгісіз екі адам 62 жастағы ерлі-зайыптының үйіне баса-көктеп кіріп, отбасындағы барлық адамды шанышқылы-кескіш заттармен тілгілеп тастаған, деп хабарлады sputniknews.kz.

Shamshyan.com сайтының мәліметінше, шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты мен 20 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.   

Қанды оқиға өткен аптада жұмадан сенбіге қараған түні Арменияның Арарат облысында болған. Қаскөйлер ешқандай талап қоймаған: түнгі сағат екінің кезінде үйге баса-көктеп кіріп, тұрғындарға бас салған, содан кейін үйден ештеңе алмастан шығып кеткен.   

Зардап шеккендер тірі – дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін арпалысып жатыр. Ал полиция қылмыскерлердің кім екенін және мұндай қадамға не үшін барғанын анықтауда. Тергеу жүргізілуде.