22 қар, 2022 сағат 16:55

Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кеткен


Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желілерде Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел университеті маңындағы Абылай хан көшесінде болған ЖКО салдары түсірілген видео пайда болды.

Polisia.kz Telegram-арнасының мәліметінше, 20 қараша сағат 20:30-да Mitsubishi көлігін тізгіндеген 58 жастағы жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан оны қарсы беттегі Mercedes-Benz көлігі соққан.

"Әртүрлі дене жарақатын алған 17 жастағы азаматша қалалық орталық ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді полициядағылар.