elements.envato.com
Ақтөбеде кәсіпкерлерді бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қылмыстық топ мүшелерін Ақтөбе полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ұстады.
"Қылмыстық топ құрамында деструктив ағым жетегінде жүрген алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет екі жігіттен ақша бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында осы адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің "Бопсалау" бабы бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.