14 ақп, 2023 сағат 16:29

Қашағанда жұмысшы қайтыс болды

Сурет: primeminister.kz

Қашаған кен орнында жұмысшы қайтыс болды. NCOC компаниясы қайғылы жайтты растады, деп хабарлайды Atpress.kz порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, 9 ақпанда "Caspiy Ak Zhelken" мердігер компаниясының қызметкері Қашаған кен орнының Д аралында кенеттен қайтыс болған. 

"Жұмысшы қазасының өндіріске қатысы жоқ. Біз қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның отбасына көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта NCOC тиісті билік органдарымен өзара әрекет ете отырып, мердігер компанияға қажетті жұмыстарды ұйымдастыруға қолдау көрсетіп жатыр", - делінген компания хабарламасында.