Қашағанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 370 мың баррельге жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазіргі кезде Қашағанда кен орнын пайдаланудың бірінші кезеңі аясында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 235 мың баррельге жетті. Қуат кезең-кезеңімен арттырылып жатыр.
Қашаған кенішіндегі алғашқы күрделі жөндеу жұмыстарының қауіпсіз және табысты аяқталуы нәтижесінде, сондай-ақ өндіру ұңғымаларының қайтадан ашылуына байланысты мұнай өндіру біртіндеп көтерілді. Қазіргі уақытта оның көлемі тәулігіне 370 000 баррельге жетті. Пайдалану беріктігінің жалпы деңгейі жоғары және күтілетін көрсеткіштерден асып түседі», - деп хабарлады NCOC баспасөз қызметі.