10 нау, 2023 сағат 16:15

Қашаған мұнайы наурызда Еуропаға жөнелтіледі

Фото: financialtribune.com

Inpex NorthCaspian Sea Ltd компаниясы Қашағаннан сынақтан өткізілген 7 мың тонна қазақстандық мұнайды Ақтау портынан Баку арқылы Еуропаға жөнелтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Inpex NorthCaspian Sea Ltd компаниясы - Қашағанның операторы North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумындағы 7,563 пайыздық үлеске ие.

"ҚазТрансОйл" өкілінің айтуынша, компания Ақтау арқылы 1,5 миллион тонна Теңіз мұнайын жіберу жоспарын сақтап қалуға ниетті. Бірақ Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты жүк жөнелту уақытша кешіктірілген.

""ҚазТрансОйл" мұнай ағындарын әртараптандыруға Транскаспий бағытында қатысады. Биыл Ақтау порты арқылы 1,5 миллион тонна Теңіз мұнайын айдау, тиеу жоспарланған болатын. Бірақ бүгінгі күнге дейін бір тоннасы да тиісті мерзімде жөнелтілген жоқ. Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры форс-мажорлық жағдай деп жарияланды, себебі Джейхандағы екі айлақ қазір жұмыс істемейді, ал екінші айлақ арқылы олар тек Әзербайжан мұнайын жөнелтеді", - деді компания өкілі.