06 нау, 2020 сағат 11:29

«Қашаған» кен орнынан 14,1 млн тонна мұнай экспортталды

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан 14,1 миллион тоннадан астам мұнай экспортталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысындағы ірі кен орнының қатарында «Қашаған» да бар. Бұл кен орнын игеру жобасының операторы – NCOC компаниясы. Теңіз мұнайы 2016 жылдан бері жасанды аралдарда өндіріледі.

«2019 жылы «Қашаған» кен орнынан өндірілген 14,1 миллион тоннадан астам мұнай экспортталды. Сондай-ақ, шетел нарығына жіберілген газ көлемі 3,5 миллиардтан аса текше метрді құрады. Ал, экспортталған күкірт 1 миллион 207 мың тоннадан асты» деп хабарлады NCOC компаниясының баспасөз қызметі.