16 қар, 2020 сағат 09:28

KASE саудасында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда нәтижесінде доллар арзандады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Таңғы сауда нәтижесінде доллар құны 13 қарашадағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,588 теңгеге арзандап, 429,50 теңге болды.

ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы 16 қарашада 430,52 теңге болды.

Айта кету керек, ұлттық валюта аптаның басынан бастап позициясын күшейтті.