Қазақстан қор биржасы саудасында (KASE) теңгеге шаққандағы доллар бағамы 0,30-ға арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Таңертеңгі сауда нәтижесіне сәйкес Америка валютасы 2020 жылдың 31 желтоқсандағы көрсеткішінен 0,30 теңгеге арзандап, 420,61 теңге болды.
ҚР Ұлттық банкінің 5 қаңтардағы ресми бағамы: 1 доллар - 420,91 теңге.