01 мау, 2021 сағат 12:20

KASE қор нарығында доллар арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 31 мамыр кешімен салыстырғанда 1,38 теңгеге құлдырап, 1 доллар 427,33 теңге болды. 

Ұлттық банктің 1 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,70 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428, 44 теңге, сатып алу – 426, 94 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 428,17 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 427,08 теңге.