Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 12 мамыр кешімен салыстырғанда 0,97 теңгеге өскен.
АҚШ валютасының орташа бағамы 427,15 теңге болды.
Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми бағамы: 1 доллар үшін - 426, 14 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 428, 24 теңгеден сатылса, сатып алу - 426, 75 теңгеден.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 427,61 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426, 52 теңге.