11 мам, 2021 сағат 14:10

KASE қор биржасында доллар бағамы қымбаттады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 9 мамыр кешімен салыстырғанда 0,30 теңгеге өскен. 

АҚШ валютасының орташа бағамы 427,27 теңге болды. 

Ұлттық банктің 11 мамырдағы ресми бағамы: 1 доллар үшін - 426,99 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 428,71 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,19 теңгеден. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 428, 10 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,80 теңге.