Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 11 мамыр кешімен салыстырғанда 0,96 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 426,21 теңге болды.
Ұлттық банктің 12 мамырдағы ресми бағамы: 1 доллар үшін - 427, 22 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427,52 теңге, сатып алу – 425,99 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427,09 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 426,06 теңге.