24 жел, 2020 сағат 09:38

KASE қор биржасында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда нәтижесінде доллар теңгеге шаққанда тағы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда бойынша доллар 23 желтоқсандағы бағасына қарағанда 1,43 теңгеге арзандап, 420,01 теңгеге жетті. 

ҚР ұлттық банкінің 24 желтоқсандағы ресми бағамы 421,43 теңге болды. 

Айта кету керек, теңге уақытша әлсіреуден кейін қайта нығайды.