Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 қараша кешке салыстырғанда 1,32 теңгеге төмендеп, 1 доллар 424,28 теңге болған.
Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 425,59 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,01 теңгеден сатылса,Нұр-Сұлтан қаласында 425,67 теңгеден сатылып жатыр.