Қазақстан қор биржасы сағат 11.00-дегі сауда қорытыныдысын жариялау тоқтатылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық банк шетел валюталарының ресми бағамын анықтау үшін KASE 15.30-дағы жағдай бойынша USDKZT_TOM (АҚШ доллары бойынша орташа бағам) есептейді және жариялайды, оның негізінде басқа шетел валюталарына кросс-бағамдар есептеледі.
"USDKZT_TOM 15.30 және 17.00-дегі жағдай бойынша, KASE сайтында стандартты режимде жарияланатынын хабарлаймыз. Бұрын ақпараттық мақсатта 11.00-де бағамды жариялау тоқтатылады", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.