Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 21 қараша кешімен салыстырғанда 1, 04 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 431, 51 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 430,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 432,05 теңгеден сатылса, сатып алу – 433, 07 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 432,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 433, 05 теңге.