Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,58-ге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 426, 25 теңге болды.
Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі ресми бағамы - 1 доллар үшін 425,66 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,16 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,67 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426,09 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,19 теңге.