Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 18 тамыз кешімен салыстырғанда 1,03 өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 426,59 теңге болды.
Ұлттық банктің 19 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 425,57 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,01 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,59 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426,01 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,36 теңге.