Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 26 қазан кешімен салыстырғанда 0,30 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 425, 81 теңге болды.
Ұлттық банктің 27 қазандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 425,48 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,00 теңгеден сатылса, сатып алу – 427,30 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425, 5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427, 01 теңге.