13 қаз, 2021 сағат 12:10

KASE: Доллар бағамы өсті


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 қазан кешімен салыстырғанда 0,94 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 426, 17 теңге болды. 

Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 425,22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,96 теңгеден сатылса, сатып алу – 427,47 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,92 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,11 теңге.