Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 17 тамыз кешімен салыстырғанда 0,63 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 425,67 теңге болды.
Ұлттық банктің 18 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 425,00 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,47 теңгеден сатылса, сатып алу - 426,94 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 424,97 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,08 теңге.