13 қыр, 2021 сағат 12:27

KASE: Доллар бағамы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,66 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 83 теңге болды. 

Ұлттық банктің 13 қыркүйектегі ресми бағамы: 1 доллар үшін - 426, 52 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,74 теңге, сатып алу – 427,28 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,84 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 93 теңге.