28 мам, 2021 сағат 13:10

KASE: Доллар арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 27 мамыр кешімен салыстырғанда 0,72 теңгеге құлдырап, 1 доллар 4 27,75 теңге болды. 

Ұлттық банктің 28 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,48 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428, 32 теңге, сатып алу – 426, 80 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427,40 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 428,52 теңге.