22 сәу, 2021 сағат 15:36

Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету қадамдарын айқындады

Бүгін өткен кездесу аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов пен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов ашықтық және өзара ақпарат алмасу қағидаттары негізінде елдегі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша нақты әрекеттерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жоспарлануда», - делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Қазіргі кезде агенттік адал бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар кешенді шаралар қабылдады. Адал кәсіпкерлерді қорғау үшін «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету саласында заңнаманы жетілдіру және құқық бұзушылықтардың алдын алуды көздейтін Жол картасы әзірленді. 

Аумақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттері осы тектес жұмысты жүргізуге бағытталған.

«Осылайша, кездесуде тараптар ортақ көзқарасқа келіп, экономиканың «көлеңкелі» секторында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша тетіктердің тиімділігін арттыруда тығыз өзара әрекеттесу туралы және бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды жою бойынша бірлескен күш-жігерді салуға келісті.