26 шіл, 2022 сағат 12:36

Қаржы пирамидалары жарнамасы: 3 мыңнан аса сайт бұғатталады


Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттау тетігі әзірленді. Нәтижесінде 3 мыңнан аса сайт бұғаттауға жіберілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды. Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Сондай-ақ, қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді.

Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам осындай сайттар бұғаттауға жіберілді. Биыл 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген.

Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1 - шет мемлекеттің азаматына қатысты. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. 

ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржы пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады.