ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кадр резервіне кандидаттарды іріктеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жоғары оқу орындарының талантты әрі болашағынан үміт күттірер түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды іздейді.
«Кандидаттарды іріктеу кезінде тиісті білім, жоғары деңгейдегі біліктілік, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл білу сертификаттарының болуы тиіс», - деп хабарлады агенттіктен.
Үздіктер кезеңдік тәсіл арқылы таңдалатын болады: Біріші кезеңде кандидаттарға резюме мен эссе тапсыру ұсынылады.Екінші кезеңде резюме мен эссені қарау нәтижелері бойынша іріктелген кандидаттар агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылады.Іріктеу жеңімпаздары агенттіктің кадр резервіне алынып, бір жылдың ішінде жұмысқа орналасуы мүмкін.
Агенттіктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі ведомстваның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Толық ақпаратты мына жерден көруге болады.