Мемлекет басшысының Өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Ақорда Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаевтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылғандығын хабарлады.