15 мау, 2021 сағат 13:46

Қаржы министрлігі 2021 жылы қай бағыттарда жұмыс істейді?


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомствоның 2021 жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биыл министрлік қызметі стратегиялық бастамаларды, Мемлекет басшысының тапсырмаларын және «Nur Otan» партиясы саялауалды бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға бағытталады. Жалпы, жоспарланған жұмысты 5 негізгі блокқа топтастыруға болады», - деді Жамаубаев халық алдында есеп беруі кезінде. 

Осы орайда министр аталған блоктарға нақты тоқталып өтті: 

Біріншісі – бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мен оңтайландыру. 

Екіншісі – салық және кеден әкімшілендіруін цифрландыру және «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету. 

Үшіншісі – мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру. 

Төртіншісі – мемлекеттік сатып алуларды ары қарай жетілдіру. 

Бесіншісі – мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру.