22 қар, 2022 сағат 14:31

Қаржы министрі теңге бағамы туралы пікір білдірді


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев теңге бағамына қатысты күрт өзгерістер күтілмейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрден Мәскеу биржасында ең жоғары деңгейге жеткен қазақстандық теңгенің сауда-саттық көлемі валюта бағамына қалай әсер ететіні сұралды.

"Бізде теңге бағамына әсер ететін факторлар өте көп. Сондықтан факторлардың бірі сол рубль бағамы болуы мүмкін. Бірақ сіздер де қадағалап отырсыздар ғой, қазір теңге бағамының күрт өзгеруі күтілмейді. Оның үстіне, соңғы уақытта теңге доллар мен рубльге қатысты керісінше нығайғанын байқап отырмыз", - деді Жамаубаев журналистер сұрағына жауап беріп.