28 мау, 2022 сағат 11:44

Қаржы министрі айлығы қанша екенін айтты


Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен, біріншіден, қаржы министрлігінен жалақы аламын. Сосын вице-премьер болғаным үшін қосымша ақы төлейді. Айлығым - шамамен 1,5 млн теңге. Бұл - жалпы алғанда. Ал министр ретіндегі айлығым - 1,3 млн теңге. Өз декларациямды беруге дайынмын», - деді ол. 

Ал, «сонда вице-премьерлік үшін бар-жоғы 200 мың теңге аласыз ба?» деген сауалға министр «иә, бірақ ол сұрақ маған қойылмауы керек шығар» деді.