19 там, 2024 сағат 12:36

Қарызын қайтармаған астаналықты жазаламақ болғандар сотталды


Астанада қарызын қайтармаған тұрғынды жазаламақ болғандарға сот үкім шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық соттың мәліметінше, елордалық 2 млн теңге қарызын қайтармаған. Осылайша, 3 ер адам оны күшпен Павлодарға алып кетіп, жалға берілетін пәтерде ұстаған.

Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қарады (Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 1 тармағы, 389-бабы 3-бөлігі).

"Айыпталушы «Ш» адамды ұрлағаны және өзінше билік еткені үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Топтың құрамында болған «Х» және «У» адамды ұрлауға көмектескені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.


Сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енді.