Қарулы Күштердегі ең ұзын бойлы сарбаз Азат Мұхамедов Ақтау гранизонындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасында Отан алдындағы борышын өтеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қатардағы жауынгердің бойы – 2 метр 3 сантиметр.
«Мен 2021 жылы күзгі шақырылыммен Алматы облысынан Ақтау қаласына 25/744 әскери бөліміне Отан алдындағы борышты өтеуге шақырылдым. Қызметімді арителлериялық двизионның көздеуші операторы лауазымында атқарудамын», - дейді Мұхамедов жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.
Мықты дене бітімі мен бойшаңдығы сарбазға спорттық нормативтерді орындау мен қарудан оқ ату кезінде, жауынгерлік даярлықта да өз септігін тигізеді. Бойшаң сарбаз бала кезінен бокспен шұғылданады. Әскерге дейін де ол бірқатар жарыстардың жүлдедлерін қанжығасына байлаған.
Азат үшін өзіне шақ келетін киім табу қиын. Бірақ әскери бөлімде тиісті формамен толықтай қамтамасыз етілген.
«Әскери өмірдің қиындықтарына қарағанда қызықты кездері көп екеніне көзім жетіп келеді. Сондықтан Қазақстанның азаматтарын Отан алдындағы борышын өтеуге шақырамын», - деді Мұхамедов.