05 қаз, 2018 сағат 09:02

Қарсы бағытта көлік жүргізген алматылық көпшіліктен кешірім сұрады (Видео)

Алматы қаласының Әл-Фараби көшесінде жол ережесін өрескел бұзған 20 жастағы жігіт өзінің істеген ісіне өкінетіндігін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Даңғой жүргізуші көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып, көлік айдаған. Кейін қалалық полиция жол тәртібін бұзған жүргізушіні ұстап, оған қатысты әкімшілік жаза қолданылатындығын хабарлады.

Жол ережесін бұзған жігіт осы ісіне өкінетіндігін айтты.  Даңғой жүргізушінің кешірім сұраған сәті бейнеленген видеоны полиция қызметкерлері түсіріп, желіде таратқан.


«20 жастағы қатысты 5 хаттама толтырылды. Толтырылған хаттамалардың барлығы сотқа жіберілді, ол куәлігінен айырылады», -  деді Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, бұған дейін қарсы бағытқа шығып көлік айдаған жүргізушінің видеосы әлеуметтік желілерде көпшіліктің ашу-ызасын тудырғаны белгілі.