ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің №52859 әскери бөлімінің күштері Қарқаралы ауданында табиғи өртті жоюға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Табиғи өртті жою үшін Қарқаралы ауданына ТЖМ №52859 әскери бөлімінің 100 әскери қызметкері жіберілді.
Күшті желге байланысты 29 маусым күні Егіндібұлақ ауылы маңындағы Курский орман шаруашылығы аумағында және мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ошақтардың қайта жануы және бықсуы орын алды.
Орман шаруашылығы, ұлттық табиғи парк, өртке қарсы ерікті құрамалар, Қарағанды облысының ТЖД, №52859 әскери бөлімі күштерінің жалпы күш-жігерінің арқасында жағдай тұрақталды.
Жану және бықсу ошақтарының орындарында өшіру, қарауылдау және патрульдеу жұмыстары жалғасуда.
Барлығы 220 адам мен 25 техника жұмылдырылды.