Фото: Kenzaburo Fukuhara/Pool via REUTERS
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина Мәсімовке қатысты ешқандай іс жоғарғы сотқа түспегенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рахметуллинаның айтуынша, жалпы, рақымшылық мәселесін сот шешпейді.
«Бүгінгі таңда Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс жоғарғы сотқа түскен жоқ. Рақымшылықты Жоғарғы сот шешпейді», - деді ол бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.