28 мау, 2024 сағат 15:52

Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды

Сурет: РИА Новости

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жоқ. Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты", - деп жазды ол.


Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.