Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Ақтау қаласы теңіз портында ҰҚК ШҚ «Батыс» өңірлік жағалау күзеті басқармасы шекара кемесінің экипажына әскери-теңіз туын және «Нұр-Сұлтан» тақтайшасын тапсырды. Бұл жөнінде комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Кәрім Мәсімов өз сөзінде әскери қызметшілерді атаулы оқиғамен құттықтап, олардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлестерінің маңыздылығын атады, мемлекетіміздің теңіз шебін қорғауда жаңа жетістіктер тіледі.