07 там, 2023 сағат 21:26

Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды

Фото: ronstik / Shutterstock

Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 тамыз сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына 45 жастағы әйел кеуде қуысының жарақатымен түсіп, кейін алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

“Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді.

Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде “ізін суытпай” ұстады.

Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, - делінген хабарламада.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған. 

Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан болған.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша жария етуге жатпайды.