26 қаз, 2022 сағат 14:33

"Қарапайым адамбыз". Қаржы министрі ипотекасы барын айтты


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев несиеңіз бар ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс отырысында журналистердің сауалына жауап берген Қаржы министрлігінің басшысы ипотекасы бар екенін мәлімдеді. Алайда ол банк құпиясын алға тартып, тұрғын үй несиесінің сомасын айтудан бас тартты.

"Бұл - банк құпиясы. Бірақ ипотекам бар", - деді Ерұлан Жамаубаев.

"Тіпті қаржы министрі несие ала ма" деген сұраққа: "Иә, біз де қарапайым халықпыз", - деді қаржы министрі.