23 нау, 2020 сағат 13:07

Карантинге жатпай қашқан көкшетаулыққа қатысты іс қозғалды

Ақмола облысында карантинге жатудан бас тартқан көкшетаулықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы 19 наурызда «Минск-Нұр-Сұлтан» әуе рейсінен түскен көкшетаулық міндетті түрде карантинге жату талабынан бас тартып, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетаудағы үйіне келген. 

Медициналық тексерістен өткізу үшін оның үйіне СЭҚ және жедел жәрдем қызметі барған. Алайда, ер адам медицина қызметкерлеріне пәтерінің есігін ашпаған.

«Бұл туралы бірден Көкшетау қалалық ПД хабарланып, тәртіп сақшылары пәтердің есігін бұзып, ер адамды емдеу мекемесіне күштеп жеткізді. Ол жерде одан қажетті сынама алынып, вирусология зертханасына жіберілді», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ер адамға қатысты ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлігі бойынша (сантиралық ережені немесе гигиеналық талаптарды бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.