17 сәу, 2020 сағат 17:00

Карантин кезінде биліктің барлық әрекеті дұрыс әрі нақты болды - Ертісбаев

ҚР Тұңғыш Президентінің бұрынғы кеңесшісі, саясаткер әрі дипломат Ермұхамбет Ертісбаев елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқы көп жағдайда тәртіпке бағынып, заңға мойынсұнатындығын, төтенше жағдайдың барлық ережелері мен ұсыныстарына бағынатындығын көрсетіп берді. Әрине, көктем келді, үйде отыру қиын. Режим де бұзылып жатады. Бірақ, мұндай жайт агрессивті формада өтпесе, онда полиция қызметкерлері де түсіністік танытады. Күніне бір рет бірдеңе сатып алу немесе жай таза ауамен демалу үшін далаға шыққан кезде көргенімді айтып отырмын. Патрульдер барынша ізетті, дегенмен нақты әрекет етіп жатыр», - деді ол. 

Осы ретте саясаткер нақты мысал да келтіріп өтті. «Үйіме тақау жерде футбол алаңы бар. Сол жерге 15 шақты бала жиналды. Таза ауамен демаламыз дегені шығар. Патрульдік машина келіп, оларға 5 минуттың ішінде тарқамаса 26 мың теңгеден төлеуге мәжбүр болатындықтары ескертілді. Балалар бірден тарап кетті. Көзіммен көргенімді айтып отырмын. Тағы да қайталап айтамын, Қазақстанда төтенше жағдай режимі дұрыс өтіп жатыр», - деді Ермұхамбет Ертісбаев. 

Айта кетейік, елімізге танымал саясаткер сұхбатының толық нұсқасы.