Елорда жүргізушілері «үй-жұмыс» бағдарын бұзғаны үшін «Сергек» жүйесі арқылы жазаланады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Полиция қызметкерлері «Сергек» камералары арқылы жүргізушілер мен автокөліктердің деректерін және олардың «үй-жұмыс» бағыты бойынша бағдарын базаға енгізді. Өз бағдарын бұзғандар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деді Е. Сәденов Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.
Осы орайда ол қаладағы карантин режімі талаптарын сақтауға шақырды.
«Құметті елорда тұрғындары! Карантин режімі кезінде үйден шықпауларыңызды талап етеміз», - деді Е. Сәденов.