18 нау, 2020 сағат 10:01

Карантин: Алматыда жасыл дәліз қалай жұмыс істейді?

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг барысында қаланы азық түлікпен қамтитын Жасыл дәліз қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазір біз кәсіпкерлермен өзара байланыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кәсіпкерлердің қоған сұрақтары көп. Өндірушілер, логистикалық компаниялар, ірі сауда орталықтары тауарларын қалаға кіргізіп, қаладан облысқа қалай шығарамыз деп жатыр. Қаланың шекарасында болсын, ішінде болсын оларға қозғалуына рұқсат беріледі. Әлбетте СЭҚ талаптарын сақтаған жағдайда олар үшін жасыл дәліз ашылады. Қазір «Алтын орда» орталығымен логистикалық мәселелер шешіліп жатыр. Егер олардың қозғалысына қандайда бір шектеу, қысым болса, біз арнайы штаб телефондарын береміз. Сол арқылы кәсіпкерлер шағымын жеткізе алады», - деді қала әкімінің орынбасары.