23 қаң, 2018 сағат 08:11

Қарағандының бір ауданы жарықсыз қалды

Қарағанды қаласының 3-ЖЭО авария болып, оңтүстік-шығыс ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көп қабатты үйлерде 23 қаңтар күні кешкі он бірлер шамасында өшті. Оңтүстік-шығыс аудандағы 100-ге жуық үй жарықсыз қалды.

«3-ЖЭО-мен электр энергиясын беру аяқ астынан үзілді. Аварияның себептерін анықтап жатырмыз», - деді «Қарағанды Жарық» компаниясының диспетчері.

Сағат 00:15-те көптеген үйлерге жарық берілді. Компания авария себептерін айтқан жоқ.