04 жел, 2022 сағат 11:28

Қарағандыдан Екібастұзға көмектесуге тағы 70 маман аттанды


Қарағандыдан осымен жетінші күн жылусыз отырған Екібастұз қаласына қалпына келтіру жұмыстарына ат алысу үшін құрылыс және коммунальдық кәсіпорындардың бір топ қызметкері аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Instagram-дағы парақшасында Екібастұзда жылумен қамтуды қалпына келтіру үшін Қарағандыдан 70 маман жолға шыққанын жазды.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінен бригада құрылды. Күндіз қажетті құралдармен және техникамен толық жабдықталған мамандарымыз Екібастұзға аттанды. Қазіргі уақытта олар қажетті жұмыстарға кірісті. «Энергоцентр» ЖШС,»Қарағанды Су» ЖШС, қаланың құрылыс компаниялары мен барлық қарағандылықтарға шын жүректен алғыс айтамын», - деп жазды ол.