Дәрігерлер Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Олардың сөзінше, оқиғадан 18 адам зардап шеккен.
«Жалпы, ауруханаға 18 науқас түсті. Олардың төртеуі ауыр жағдайда. Ахуал орталығының жедел жұмысының арқасында науқастар стационарларға бөлінді. Тұрақты динамикасы бар екі пациент Оңтүстік-Шығыстағы базаға (Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана) аттандырылды. Біздің ауруханада өте ауыр халдегі екі адам қалды. Мұнда жергілікті стационардың және біздің хирургтардың күшімен операциялық блок жағдайында шокқа қарсы реанимациялық іс-шаралар басталды. Хирургтар тобы ұйымдастырылды, оның құрамына медицина университетінің қызметкерлері, осы жерде жұмыс атқаратын хирургтар кірді. Оңтүстік-Шығыстан да хирургтер тартылды. Яғни жақ-бет хирургы, офтальмолог, нейрохирург және іш хирургы. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы ауыр. Қарқынды терапия жүргізіліп жатыр», - дейді Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді емхананың травматология орталығының басшысы, МЕАҚ "ҚМУ" хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Берік Төлеубаев.
Еске салайық, жол апаты 25 қарашада таңертең сағат 9:15 шамасында болған. Полиция мәліметінше, автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болған. Зардап шеккен жолаушылар мен екінші автобустың жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген.