21 ақп, 2023 сағат 19:03

Қарағандыда жол жөндеуге берілген 2 миллиард теңгеден аса қаржы ұрланды

Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағандыда қала көшелерін жөндеуге бөлінген екі миллиард теңгеден аса қаражат ұрланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысы прокуратурасы өткізген тексеріс нәтижесінде Қарағанды қаласының көшелерін күрделі жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгеден астам соманы құрайтын бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.        

Атап айтқанда, Қарағанды қаласының Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары нақты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойып, бюджет қаражатының ұрлануына жол берген.

ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық іс прокуратура бақылауында", - делінген хабарламада.